"2010 жылы Жамбыл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылық басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 6 мамырдағы N 103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 113 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 маусымда N 13-7-130 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде:
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде:
      1-бөлімде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Машинаның атауы және маркасы
      Наименование и марка машины
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________»;
      орыс тіліндегі мәтінде 4-тармақтағы «Зауыттық машинаның нөмірі» деген сөздер «Машинаның зауыттық нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінде 4-бөлімде, 2-бағандағы «жөндеуге жауапты» деген сөздер «жөндеудің түрі» сөздермен ауыстырылсын.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің м.а.                                    Е. Аман