"Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сонда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы N 342 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6256 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебін және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 125 бұйрығының (2008 жылғы 23 сәуірдегі № 5194 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 30 шілдедегі № 114 (1514) «Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамту және жобаларды талдау департаменті:
      1) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің м.а.                             Б. Камалиев