Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларын, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 ақпанда № 3704 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 49 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы болып белгіленіп, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер бюджеттік мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығы болып айқындалып, әлеуметтік жұмыс орнын ашуды "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шарттық негізде жүзеге асырады.
      3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері қамтылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                        Ө. Мырзағалиев