Құрық селосының теңіз жағалауындағы "Саңырауқұлақ" демалыс орнына Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің атын беру туралы

Қарақия ауданы әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 356 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда № 11-4-106 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігі Құрық ауылы әкімінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 207 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігі Құрық ауылы әкімінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 207 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аумақ тұрғындарының пікірін және Қарақия аудандық ономастика комиссиясының 09 сәуірдегі 2010 жылғы ұсынысын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Құрық селосының теңіз жағалауындағы "Саңырауқұлақ" демалыс орнына Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагері Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің аты берілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

Село әкімі
Ж.Байтілеу