А.Тоқмағанбетов ауылдық округіндегі көшеге атау беру туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 қазанда № 10-8-130 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы АсқарТоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы АсқарТоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 21.11.2014 № 9 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" N 4200 Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына, Сырдария ауданы әкімі жанындағы аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 тамыздағы N 7 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. А.Тоқмағанбетов ауылдық округіндегі М.Мәметова мен Абай көшелерінің бөліктеріне Ысқақов Садық атындағы атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-заң кеңесшісі Қ.Нұрпейісовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Ғ. АЛДАНАЗАРОВ