Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 04/04 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы N 25/01 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 желтоқсанда N 8-14-132 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 27/03 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы 1,139 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және де өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі осы қаулының қосымшасына сәйкес «Дегелең» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) «Дегелең» кен орнында гранит өндіру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында берілсін.
      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің    
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1243 қаулысына  
қосымша      

«Дегелең» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі
жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің жалпы алаңы, оның ішінде жайылым, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

1.

0,28

«Дегелең» кен орнында гранит өндіру үшін

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін

2.

0,339

«Дегелең» кен орнында гранит өндіру үшін

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін

3.

0,52

«Дегелең» кен орнында гранит өндіру үшін

2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін


1,139