Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
3-тармақта:
«қымыз, шұбат, қой еті, жылқы еті» деген сөздер «жылқы еті және биязы жүн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тағамдық жұмыртқаның және биязы жүннің» деген сөздер «, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың, шұбаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасында «,қымыз, шұбат» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақта «10 ақпанға» деген сөздер «25 маусымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта «25 ақпаннан» деген сөздер «25 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
11-тармақтағы «20 ақпанға» деген сөздер «25 маусымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы «25 ақпаннан» деген сөздер «25 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов