Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы XXI сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі XХVI сессиясының N 321 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте N 1883 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" № 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1.Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты Бірлестік ауылындағы атауы жоқ көшеге Жеңіс аты берілсін.
      2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Еспанова Кенжегүлге жүктелсін.

      Сұлутөбе ауылдық округі әкімі:             Б.Балтабаев