"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Төртінші шақырылған (жиырма бесінші сессия) Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 02 маусымдағы N 25-6 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 21 маусымда 1746 нөмірімен тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 2-2-17/388 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 72 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда № 2199 болып тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 1 қарашадағы № 44 (149) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми басылымға жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Күрішбаев