Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 10-122 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 мамырда N 2-19-101 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы N 08-49 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011.03.14 N 08-49 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-ші-бабына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 Қаулысына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шонжы селосы, Арзиев көшесі, N 61 үй мекен-жайындағы шақыру пунктінде Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан аралығында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Селолық округтер әкімдері:
      1) шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге өз уақытында ұйымдастырып жеткізу жұмыстарын жүргізсін.
      2) аудандық шақыру комиссиясына шақырылғандардың барлық қажетті құжаттарымен өз уақытында ұйымшылдықпен келулерін қамтамасыз етсін;
      3) шақырылғандарға тәртіп сақтау керектігі түсіндірілсін.
      4. "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Мамбеталиев Ақжолтай Тұрдалыұлына (келісім бойынша):
      1) шақыру пунктін қажетті медициналық жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз ету мен аудандық шақыру комиссиясының қарамағына дәрігерлерді және қажетті орта медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын.
      2) науқас шақырылушылардың стационарлық және амбулаториялық тексеруін қамтамасыз ету, ол үшін аудандық ауруханада осы мақсатта кем дегенде 5 төсек бөліп, қысқа мерзім ішінде тексерудің қорытындысын белгіленген үлгі бойынша толтырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге жарамдылығы туралы қорытынды шешім қабылдау үшін құжаттарын аудандық шақыру комиссиясына тапсыру ұсынылсын;
      3) шақыруға жататын азаматтардың кеуде қуысы органдарын флюрографиялық қондырғы мен оған қажетті пленкаларды даярлау, ауданды шақыру пунктіне командаларды жіберу кезінде әскери билеттеріне енгізу үшін қанның тобы мен резусын анықтау ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Оңғаров Болат Кенесұлына (келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырушылардың әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды туралы тізімін жасап беру және шақырылушыларды тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алудың, әскер қатарына жіберу кезінде және қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақырылушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда шақырылушылар мен полиция қызметкерлерінің жасағын ұйымдастырудың іс-шараларын жасау ұсынылсын.
      6. Ұйғыр ауданының қаржы бөлімінің бастығы Даутова Сахидам Молутқызына шақырылушыларды әскер қатарына жіберу және қорытынды медициналық комиссияға Талдықорған қаласына жеткізу үшін қажетті шығындарды өтеуге қаражат бөлсін.
      7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Сыдықбаев Ерлан Нұрғалиұлына (келісім бойынша) азаматтарды міндетті әскер қатарына шақырудың қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне 2010 жылдың 10 шілдесіне және 2011 жылдың 10 қаңтарына дейін хабарлау ұсынылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Ұйғыр ауданы әкімдігінің
16 сәуірдегі 2010 жылғы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2010 жылдың
сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету
туралы" N 10-122 қаулысына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010.09 30 N 30-315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

      Оспанов Аскар Советханович – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Аликеева Гульжахан Кәкішқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.

комиссия мүшелері:

      Калмаков Игорь Владимирович - аудандық ішкі істері бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Тохтахунов Бахитжан Ильясович - дәрігер, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Омарова Рахилям Оляровна - комиссия хатшысы (келісім бойынша).