Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 3-3-109 тіркелді. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 02-1/08 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
      53-тармақта «бала» деген сөз «жаңа туған баланы (балаларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      90-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «ҚАЖ қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс өтіліне карай Министр айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов