Ақтөбе облысы Темір ауданының Ленинское селосын Жамбыл ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 343 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 391 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3354 тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Темір ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Темір ауданының Ленинское селосы Жамбыл ауылы деп қайта аталсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
Б.ОРДАБАЕВ