Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің Богословка селосын Үшқұдық ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 342 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 390 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3353 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Үшқұдық селолық" сөздері "Үшқұдық ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Алға ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің Богословка селосы Үшқұдық ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
Б.ОРДАБАЕВ