Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селолық округінің Лохвицкое селосын Бұлақсай ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 341 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 389 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3352 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Алға ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селолық округінің Лохвицкое селосы Бұлақсай ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Сессия төрағасы, облыстық
мәслихаттың хатшысы
Б.ОРДАБАЕВ