"Сандықтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 18/2 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 21/2 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қазандағы № 1-16-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.08.2016 № 6/4 (қол қойылғаннан кейін қолданысқа және күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Сандықтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 18/2 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-108 тіркелген, 2010 жылғы 24 мамырдағы "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақтағы:
      үшінші абзацта "мүгедектер" сөзінен кейін "және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" сөзімен толықтырсын;
      2-1, 2-2, 2-3, 2-4 тармақтарын келесі мазмұнда толықтырсын:
      "2-1. Әлеуметтік төлем жылына бір рет ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматына) беріледі.
      2-2. 2 тармақтың төртінші абзацында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек, көмек көрсету туралы өтінішті және материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін бермей-ақ, аудан әкімімен келісілген, тізімнің негізінде мемлекеттік мерекелерде және аудандық іс-шараларда жүргізіледі.
      2-3. Төлемдер мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
      Көрсетілген тұлғалар үшін төлем мөлшерлері:
      2 тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацында 40 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінен аспауға тиісті;
      жетінші абзацта оқу жылына деректі шығындар.
      2-4. Материалдық көмекке мұқтаж өкпе ауырумен ауыратындарға, аумақтық медициналық мекеменің тізімінің негізінде, ай сайын қосымша үш айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар тізімінің негізінде ай сайын әрбір отбасы мүшесіне қосымша 0,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
      Екінші дүние жүзлік соғысы кезеңінде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған, гетто және басқа да орындарда еріксіз ұстаған, бұрынғы концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындарына, ай сайын бір айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде коммуналдық қызметтер шығындарына қосымша әлеуметтік көмек төленеді.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша шығындарын қайтаруға, ай сайын қосымша 2,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
      Төлемдер 451007000 "Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражаттың шегінде іске асырылады".
      2. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Л.Лемешевская
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Ш.Сабержанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сандықтау ауданының
әкімі
К.Сүйіндіков
      "Сандықтау ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Назарович
      "Сандықтау ауданының экономика
және бюджетік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Мурашиди