Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № С-32/6 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 1-1-119 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.12.25 № 49 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV ҚР Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы "Ең төмен күн көріс деңгейі туралы" N 474 Заңының 4 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың әлжуаз санаттары кедейшілік шегінен табысы аз азаматтарға, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін және 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таралсын.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      аудандық мәслихат хатшысы:            С. Тулемисов