Халықтың әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 49 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда № 3499 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 144 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.03.2014 № 144 шешімімен.
 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шалқар ауданының азаматтарының жекелеген санаттарына жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) «1 маусым - Балаларды қорғау күніне» кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
      2) «1 қазан - Қарттар күніне» - базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер және базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және төменгі зейнетақыдан төмен мөлшердегі зейнетақы алатын облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін марапатталған дербес зейнеткерлерге - 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан  жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға табысын есепке алмағанда - айына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      3. Шалқар аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 5 ақпандағы № 178 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-13-123 санымен тіркелген, «Шалқар» газетінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 13-14(80111) санымен жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың            Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы                     хатшысы
        Ә. Әбдіғапарова                  С. Тулемисов