Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін тарату және құру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/105 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4С-23-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 3358 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық», «селосының» деген сөздер «ауылы», «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 311 баптарына сәйкес және Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/314 қаулысы мен Егіндікөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-21-5 шешімі, Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысы мен Жарқайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/4 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
      1. Егіндікөл ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Бауман ауылдық округінің Жолан ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      2) Жарқайың ауданы бойынша:
      Баранкөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Нахимовка ауылдық округі, оның құрамына Баранкөл ауылы мен Баранкөл ауылдық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Зерноградское ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Жаңадала ауылдық округі, оның құрамына Зерноградское ауылы мен Зерноградское ауылдық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Костычево ауылдық округінің Маяк ауылы Костычево ауылдық округінің Донское ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
      Пригородное ауылдық округінің Западное ауылы Пригородное ауылдық округінің Пригородное ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
      Шойындыкөл ауылдық округінің Шалғай ауылы Шойындыкөл ауылдық округінің Шойындыкөл ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      С.Дьяченко

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев