2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 327-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6514 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  әкімдігінің 02.02.2012 № 97 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ш. Халмурадовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                У. Қайназаров