Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелерінің 20-тармағының 2) тармақшасынасәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 15 мамырдағы «Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы» № 16-6/72п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4270 тіркелді, 2006 жылғы 6 шілдедегі № 123 (929) «Заң газетінде» жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Облыс __________________________________________________________ |
Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.