"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6466 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Түлкібас поселкесіндегі 1 Май көшесінің аты Б.Момышұлы, Цурюпа көшесінің аты Мұхамеджан Тынышбаев, Элеваторная көшесінің аты Астана, Заводская көшесінің аты Қазына, Садовая көшесінің аты Маханбетқұл Пошақай, Разъезд 3372 көшесінің аты Ақбура көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Поселке әкімі                              Ж.Ботбаев