"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің м.а. 2010 жылғы 30 шілдедегі № 401 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6420 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық ветеринария бөлімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы ұсынысын негізге алып Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімшілігінің бас маман-ветеринарлық инспекторы Джолдыбаев Айдар Әленұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жайнақ батыр ауылдық
      округінің әкімі                            О. Байтоғаев