Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағазда

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 110 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6403 болып енгізілді

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; 2010 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 443-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ұшудың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай тудырса, -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;

      2) мынадай мазмұндағы 446-1-баппен толықтырылсын:
      «446-1-бап. Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы
                  туралы бағалау актілерінде мәліметтердің
                  бұрмалануы және (немесе) дәйексіз мәліметтердің
                  көрсетілуі

      1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым инспекторының азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау туралы бұрмаланған және (немесе) дәйексіз мәліметтері бар азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйымның беруі, -
      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым инспекторына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттерді әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым инспекторына айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      3) 541-баптың бірінші бөлігі:
      «442,» деген цифрлардан кейін «443 (бесiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «446 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «446-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 547-баптың бірінші бөлігі «iстердi қоспағанда» деген сөздерден кейін «, бесінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 549-баптың бірінші бөлігіндегі «443,» деген цифрлар «443 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 636-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы жиырма бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (356, 443 (бесінші бөлігі) және 446-1-баптар);».

      2. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
      1) 3-бапта:
      бірінші бөліктегі «жүйесiнiң» деген сөз «органдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекет меншігінде және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.»;

      2) 13-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Әуе кемесінің салонына кіргізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев