"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу т

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 222 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6385 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.02.22 № 106 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5284 болып енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесіне:
      4-тармақта «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен өзгертілсін;
      5-тармақта:
      үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) бұйрығымен тағайындалады.»;
      төртінші сөйлем алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      «Басқармасының» деген сөз «Департаментінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Колледж бастығы» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта екінші абзацындағы «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен және «30» цифры «білім беру саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен тағайындалған ҰБТ пәндері бойынша сұрақтар санына сәйкес анықталады» сөздерімен ауыстырылсын;
      11-тармақта «Колледж бастығының» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақта бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Колледжге қабылдау Колледж бастығының бұйрығымен рәсімделетін комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.»;
      16-тармақта «Дене дайындығы көрсеткіштері бойынша» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет Министрінің
      міндетін атқарушы                          Д. Құсдәулетов