Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 355 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6365 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласында "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті және "Транзит" халықаралық көрмесі бойынша халықаралық конференция ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 420-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов