Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6361 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындаудың ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2010 жылғы 16 шілдедегі
бұйрығымен бекітілген 

Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындаудың ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабын іске асыру мақсатында әзірленген және уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындауларын реттейді.
      2. Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме (бұдан әрі - Міндеттеме) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдары туралы ақпаратты көрсетуге арналған және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды кейіннен әкету жөнінде салық төлеушінің міндеттемесінен тұрады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде тауарларды, көлік құралдарын кейіннен әкетпеген кезде импортқа қосылған құн салығын есептеуге негіз болатын құжат болып табылады.

2. Міндеттемені табыс ету тәртібі мен мерзімдері

      3. Міндеттеме қағаз және электронды тасығыштарда тапсырылады. Міндеттеме қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
      Бұл ретте электронды тасығыштағы Міндеттемеде көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Міндеттемедегі мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
      Қағаз тасығыштағы Міндеттеме екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы Міндеттемеге салық төлеуші не болмаса оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің мөрімен куәландырылады (бар болған жағдайда).
       Міндеттемені толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      4. Міндеттемеге тауарлардың, көлік құралдардың әкелуін растайтын құжаттар қоса беріледі:
      оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған келісімшарт;
      ілеспе жүкқұжаттар;
      келісімшартқа Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытынды.
      Бұл ретте, егер келісімшартта мұндай тауарды бірнеше рет жеткізу көзделсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша беріледі, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі беріледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      5. Міндеттеме осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен жиырма жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
      Міндеттемеде көрсетілген уақытша әкелінген тауарларды әкету мерзімі біткенге дейін қосымша келісіммен шартқа (келісімшартқа) өзгерістер енгізілген жағдайда, онда салық төлеуші бұрын табыс еткен міндеттемені қайтарып алу жолымен бір мезгілде жаңа міндеттемені табыс етеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

3. Міндеттеменің орындау туралы Есепті табыс ету тәртібі мен мерзімдері

      6. Тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде, ол бойынша Міндеттеме толтырылады, салық төлеуші осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысаны бойынша Міндеттеменің орындау туралы Есепті (бұдан әрі - Есеп) табыс етеді.
       7. Есеп қағаз және электронды тасығыштарда жасалады. Есеп қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
      Қағаз тасығыштағы Есепке салық төлеуші не болмаса оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің мөрімен куәландырылады (бар болған жағдайда).
      Бұл ретте электронды тасығыштағы Есепте көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Есептегі мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
      8. Қағаз тасығыштағы Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
      9. Есепке тауарларды, көлік құралдарын әкетуді растайтын құжаттар қоса беріледі:
      оның негізінде тауарлардың, көлік құралдардың әкетуі жүзеге асырылған келісімшарт;
      ілеспе жүкқұжаттар;
      10. Есеп уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеткен сәттен он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

Уақытша әкелінген тауарларды, көлік   
құралдарын Қазақстан Республикасының   
аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені
табыс ету және оны орындаудың ережесіне 
1-қосымша                

Нысан 01

Кеден одағына уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме

Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

      Ескертпе:
      Салық төлеуші келесі мәліметтерді көрсетеді.
      1. «Жалпы мәліметтер» бөлімінде:
      1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) тауарларды, көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе аты-жөні.
      Заңды тұлға үшін жарғылық құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      4) салық төлеушінің санаты. Салық төлеуші қандай санатқа жататындығына қарай А, В, С, D, E, F, G торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленеді;
      4 А жолында торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленуі тиіс. I торкөз резиденттің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді. II торкөз қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді;
      4 В жолы егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлға Салық кодексінің 276-2-бабы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарына белгіленген шарттарды сақтаған кезде толтырады. Егер құрылымдық бөлімше шарттың (келісімшарттың) тарабы болып табылса, 4 ВI торкөз белгіленеді. Егер құрылымдық бөлімше шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды алушы болып табылса, 8 ВII торкөз белгіленеді;
      4 С торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке тұлға белгілейді;
      4 D торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке нотариус белгілейді;
      4 Е торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде адвокат белгілейді;
      4 F торкөз шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды уақытша әкелген кезде белгілейді;
      5) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет, аумағынан тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген ілеспе жүкқұжаттар бойынша кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі;
      6) Валюта коды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюта коды міндетті түрде көрсетіледі.
      2. «Уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы мәліметтер» бөлімінде:
      1) 7-жолда ілеспе келісімге (шартқа), ілеспе жүкқұжаттарға, техникалық паспортқа, шот-фактураға, жүкқұжатқа сәйкес тауарлардың, көлік құралдарын атауы көрсетіледі;
      2) 8-жолда тауарлардың нақты болу орнының мекен-жайы, тұрақты орны және (немесе) көлік құралын уақытша тіркеу орны көрсетіледі;
      3) 9-жолда тауарлардың СЭҚ БТН коды көрсетіледі, ол сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша уақытша әкелінген тауарлардың жіктемесін растайтын құжаттардың негізінде айқындалады;
      4) 10-жолда тауарлардың, көлік құралдарының әкелінген растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі;
      5) 11-жолда тауарлардың айрықшылық белгілері, оның ерекшілігі, ал көлік құралдары үшін: түрі мен маркасы, қозғалтқыштың нөмірі, шассиі, шанақтың, тіркеу нөмірі көрсетіледі;
       6) 12-жолда Уақытша әкелудің мақсаты мен жағдайы, келісімшартқа сәйкес тауарлардың, көлік құралдарын уақытша әкелудің мақсаты мен жағдайы, тауарлардың, көлік құралдарын уақытша әкелудің тағайындығы мен себебі көрсетіледі;
      7) 13-жолда Уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының саны, өлшеу бірлігі, уақытша әкелудің мақсаты мен жағдайына, сондай-ақ келісімшарттар мен ілеспе жүкқұжаттарға сәйкес келетін және өлшеу бірлігі көрсетіледі;
      8) 14-жолда Уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының құны Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалған уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының құны көрсетіледі.
      Бұл ретте уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының шет ел валютасындағы құны әкелу күнге нарықтық бағам бойынша теңгеге қайта есептеледі.
      3. «Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме» бөлімінде:
       1) 15-жолда уақытша әкелудің мерзімі уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының мақсаты мен жағдайы келісімшарттар мен ілеспе жүкқұжаттарға сәйкес әкелудің және болжамды әкетудің күні көрсетіледі;
      2) 16-жолда белгіленген мерзімде шақырмаған жағдайда Салық кодексінің 276-15-бабы 3-тармағына сәйкес төлеуге тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      4. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
      1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында жарғылық құжаттарына сәйкес басшының көрсетіледі. Егер Міндеттемені жеке тұлға тапсыратын болса, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      2) Міндеттемені тапсыру күні.
      Міндеттемені салық органына тапсыру күні көрсетіледі;
      3) салық органының коды.
      салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
      4) «Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Міндеттемені қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
      5) Міндеттемені қабылдаған күн.
      Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес Міндеттеменің берілген күні көрсетіледі;
      6) құжаттың кіріс нөмірі.
      Міндеттеме тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      Осы тармақтың 4)-6) тармақшаларында көрсетілген, Міндеттеме табыс еткен мәліметтерді салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.

Уақытшаәкелінген тауарларды, 
көлік құралдарын Қазақстан   
Республикасының аумағынан    
кейіннен әкету туралы        
міндеттемені табыс ету және  
оны орындаудың ережесіне     
2-қосымша             

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Кеден одағына уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені орындау жөніндегі есеп

      Қолданушылардың назарына!
      Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығышта алуға болады.

      Ескертпе:
      Салық төлеуші келесі мәліметтерді көрсетеді.
      1. «Есеп табыс етілетін Міндеттеме туралы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші:
      1) 1-жолда Есеп табыс етілетін Міндеттеменің кіріс нөмірі;
      2) 2-жолда Есеп табыс етілетін Міндеттемені қабылдаған күн.
      2. «Жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:
      «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:
      1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      3) тауарларды, көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе аты-жөні. Жол міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      Заңды тұлға үшін жарғылық құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      4) салық төлеушінің санаты. Салық төлеуші қандай санатқа жататындығына қарай А, В, С, D, E, F, G торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленеді;
      4 А жолында торкөздердің бірі міндетті түрде белгіленуі тиіс. I торкөз резиденттің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді. II торкөз қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгіленеді;
      4 В жолы егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлға Салық кодексінің 276-2-бабы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарына белгіленген шартарды сақтаған кезде толтырады. Егер құрылымдық бөлімше шарттың (келісімшарттың) тарабы болып табылса, 4 ВI торкөз белгіленеді. Егер құрылымдық бөлімше шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды алушы болып табылса, 8 ВII торкөз белгіленеді;
      4 С торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке тұлға белгілейді;
      4 D торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде жеке нотариус белгілейді;
      4 Е торкөзді тауарларды уақытша әкелген кезде адвокат белгілейді;
      4 F торкөз шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды уақытша әкелген кезде белгілейді;
      5) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет, аумағынан тауарларды, көлік құралдарын әкелу жүргізілген ілеспе жүкқұжаттар бойынша кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі;
      6) валюта коды
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес валюта коды міндетті түрде көрсетіледі;
      3. «Уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы мәліметтер» бөлімінде:
      1) 9-жолда ілеспе келісімге (шартқа), ілеспе жүкқұжаттарға, техникалық паспортқа, шот-фактураға, жүкқұжатқа сәйкес тауарлардың, көлік құралдарын атауы көрсетіледі;
      2) 9-жолда тауарлардың СЭҚ БТН коды көрсетіледі, ол сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша уақытша әкелінген тауарлардың жіктемесін растайтын құжаттардың негізінде айқындалады;
      3) 11-жолда тауарлардың, көлік құралдарының әкелінген растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі;
      4) 12-жолда тауарлардың айрықшылық белгілері, оның ерекшілігі, ал көлік құралдары үшін: түрі мен маркасы, қозғалтқыштың нөмірі, шассиі, шанақтың, тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      5) 13-жолда Әкетілген тауарлардың, көлік құралдарының саны Міндеттемеде көрсетілгеннен артық емес өлшем бірлігі көрсетіледі;
      6) 14-жолда бұрын алдын Міндеттемеде көрсетілген құнын ескерумен әкетілген тауарлардың, көлік құралдарының құны көрсетіледі;
      7) 15-жолда Салық кодексінің 276-15-бабының 3-тармағы орындалған жағдайда кемітуге жататын ҚҚС көрсетіледі.
      4. «Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені орындау туралы Есеп» бөлімінде:
      1) 16-жолда Уақытша әкелінген мерзімінде Міндеттемеде мәлімделген уақытша әкелінген мерзімі күнтізбелік айларда көрсетіледі;
      2) 17-жолда Уақытша әкелінген нақты мерзімінде уақытша әкелінген нақты мерзімі күнтізбелік айларда, уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының мақсаты мен жағдайы келісімшарттар мен ілеспе жүкқұжаттарға сәйкес әкелудің және әкетудің күнін нақтылаумен көрсетіледі.
      5. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
      1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында жарғылық құжаттарына сәйкес басшының аты-жөні (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Міндеттемені жеке тұлға тапсыратын болса, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      2) Есепті тапсыру күні жолында Есепті салық органына тапсыру күні көрсетіледі;
      3) салық органының коды жолында салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
      4) «Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
      5) Есепті қабылдаған күн жолында осы Ереженің 4-тармағына сәйкес Есептің берілген күні көрсетіледі;
      6) құжаттың кіріс нөмірі жолында Есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      Осы тармақтың 4)-6) тармақшаларында көрсетілген, Міндеттемені табыс еткен мәліметтерді салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.