"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 136-Ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 242-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6360 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 126-ө-м бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жақсы селосының Киров көшесін тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ауыл әкімі ШЕШТІ:
      1. Жақсы селосындағы Киров көшесі Кенжеш Түктібаев атындағы көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы селосының әкімі                      М.М.Байкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Жақсы ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.С.Ташмухамбетова

      «Жақсы ауданының сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.Ю.Васильев