2010 жылға арналған тұқымның әр түрі бойынша суперэлиталық тұқымның нарық бағасы бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін квоталар, 2010 жылға арналған тұқымның әр түрі бойынша элиталық тұқымның нарық бағасы бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін квоталар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 467 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6358 болып енгізілді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.06.2015 № 508 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 115-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясының бар болуын медициналық зерттеп-қарау ережесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мына:
      1) «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1905 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені», 2002 жыл, № 33, 664 құжат жарияланған);
      2) «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 648 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4532 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев 

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі  
№ 552 бұйрығымен бекітілген

АИТВ инфекциясының бар болуын медициналық зерттеп-қарау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы АИТВ инфекциясының бар болуын медициналық зерттеп-қарау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан азаматтарында, оралмандарда және республика аумағындағы басқа да адамдарда АИТВ инфекциясының бар болуына медициналық зерттеп-қарау өткізу тәртібін белгілейді.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) клиникалық көрсеткіштері бойынша зерттеп-қарау – АИТВ инфекциясы туралы алынған ақпарат негізінде клиникалық көрсеткіштері бар адамдарды зерттеп-қарау;
      2) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау – халықтың жекелеген топтары арасында және әрбір АИТВ инфекциясы жағдайына эпидемиологиялық зерттеп-қарау өткізу кезінде (жұқтыру қаупі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізу үшін) белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген АИТВ инфекциясы туралы алынған ақпарат негізінде адамдарды зерттеп-қарау.
      3. АИТВ инфекциясының бар болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша медициналық зерттеп-қарау мақсаттары:
      1) АИТВ инфекциясының диагнозын қою;
      2) АИТВ инфекциясының берілуінің тік және басқа да ықтимал жолдарының профилактикасы;
      3) трансплантация және жасушалық технологиялардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) эпидемиологиялық мониторинг өткізу: эпидемияны болжау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ инфекциясының таралу деңгейін бағалау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау болып табылады.
      4. АИТВ антиденелеріне зерттеп-қарауды ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтардың (бұдан әрі – ЖҚТБ орталықтары) зертханалары өткізеді.
      5. Донорлардың қанын, оның компоненттерін, ағзаларын (ағза бөліктерін), тіндерін, жыныстық және феталдық дің жасушаларын АИТВ инфекциясының антиденелеріне зерттеп-қарауды аумақтық және Республикалық қан орталықтары осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес алгоритмдер бойынша жүргізеді.
      6. Қан, оның компоненттері, ағзалар (ағза бөліктерін), тіндер, жыныстық және феталдық дің жасушалары реципиенттерін және басқа да биологиялық материалдарды АИТВ инфекциясының антиденелеріне зерттеп-қарауды аумақтық ЖҚТБ орталықтарының зертханалары өткізеді.
      7. АИТВ инфекциясының бар болуы туралы соңғы нәтижені, оның ішінде кез келген биологиялық материалдың донорлары мен реципиенттеріне ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық осы ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес алгоритм бойынша береді.

2. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеліп-қарау

      8. Мынадай аурулар, синдромдар және симптомдар байқалған адамдар (ересектер және балалар) АИТВ инфекциясының болуына клиникалық көрсеткіштер бойынша медициналық зерттеліп-қараудан өтуі тиіс:
      1) диагноз қойған жағдайда В, С вирустық гепатиттері және 6 айдан кейін;
      2) ісіктер;
      3) этиологиясы белгісіз энцефалопатия;
      4) этиологиясы белгісіз кахексия;
      5) этиологиясы белгісіз анемия;
      6) ұзақтығы 1 айдан артық этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе қайталамалы);
      7) дене салмағының бастапқыдан 10% және одан көп түсініксіз азаюы;
      8) 1 айдан артық түсініксіз созылмалы диарея;
      9) себореялық дерматит;
      10) ауыздың шырышты қабатының қайталамалы жарасы;
      11) хейлит;
      12) жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталамалы инфекциялары (синусит, ортаңғы отит, фарингит, трахеит, бронхит);
      13) әдеттегі емге берілмейтін ауыр ұзаққа созылған қайталамалы өкпе қабынуы және созылмалы бронхит;
      14) пневмоцистік өкпе қабынуы;
      15) бір жыл бойғы өкпе және өкпеден тыс туберкулез;
      16) әдеттегі емге берілмейтін ұзаққа созылған қайталамалы пиодермия;
      17) өңеш, бронхтар, трахеялар, өкпе, ауыз қуысының және мұрынның шырышты қабықтарының кандидозы;
      18) кез келген диссеминирленген эндемиялық микоз, онихомикоз, терең микоздар (кокцидиоз, өкпедан тыс криптококкоз (криптококкокты менингит), споротрихоз, аспергиллез, изоспороз, гистоплазмоз, стронгилоидоз, актиномикоз және басқалары);
      19) Капоша саркомасы;
      20) ауыз қуысының түкті лейкоплакиясы;
      21) сепсис, ішкі ағзалардың ұзаққа созылған және қайталамалы іріңді-бактериялық аурулары (пневмония, плевра эмпиемасы, менингит, сүйек және буын инфекциялары, іріңді миозит және басқалары);
      22) лимфома (бас миының);
      23) жітілеу менингоэнцефалит;
      24) үдемелі мультифокальды лейкоэнцефалопатия;
      25) токсоплазмоз;
      26) бұрын дені сау адамның алғашқы ақыл-есінің кемдігі;
      27) атипиялы микробактериялар тудырған диссеминирленген инфекция;
      28) жасы 60-қа толмаған адамдардағы қайталамалы белдеу теміреткі;
      29) этиолоиясы белгісіз әйел жынысының ауыр созылмалы қабынған аурулары;
      30) әйел жыныстық ағзаларының инвазиялық ісіктері;
      31) мононуклеоз (ауру басталғаннан бастап 3 айдан кейін);
      32) ішкі ағзаларды және тері мен шырышты қабықтарды созылмалы (бір айдан көп) зақымдаумен жай ұшық вирустары тудырған инфекциялар;
      33) персистирленген жайылып кеткен лимфаденопатия;
      34) криптоспоридиоз;
      35) кез келген ағзаларды жарақаттайтын цитомегаловирусты инфекция;
      36) сальмонеллезді септицемия (Salmonella tiphi ден басқа);
      37) жыныстық жолмен берілетін жыныстық аурулар және инфекциялар.
      9. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясының болуына мыналар зерттеліп-қаралуға тиіс:
      1) АИТВ инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын адамдармен байланыстағы адамдар;
      2) инъекциялық есірткі тұтынушылар және наркологиялық қызметке есепке қою кезінде және әрбір 6 айдан кейін;
      3) оларға қатысты бұлтартпау шаралары ретінде қамау қолданылған күдіктілер мен айыпталушылар және сотталғандар тергеу изоляторларына, түзету мекемелеріне түскен кезде, 6 айдан кейін және қамаудан босатылар алдында АИТВ-ға зерттеліп-қаралады. Одан әрі АИТВ-ға зерттеп-қарау бостандығынан айыру орындарында болуы мерзімі ішінде тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандардың қалауы бойынша жүргізіледі. Тексерілетін адамдардың қанын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінін медицина қызметкері алады және АИТВ инфекциясының бар болуына зерттеп-қарау үшін ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталыққа жеткізіледі;
      4) АИТВ инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын аналардан туылған балалар осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес зерттеп-қаралады;
      5) қызметтік міндеттерді орындау барысында апаттық жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдар және жұқтырудың кәсіби емес (медициналық манипуляция, жыныстық қатынас және басқа да жағдайларда) қаупіне душар болған адамдар жүгіну сәтінде және одан кейін 1 және 3 айдан кейін АИТВ инфекциясының болуына медициналық зерттеліп-қараудан өтеді;
      6) АИТВ инфекциясын жұқтырған материалдармен жұмыс істейтін, донорлық материалды алуға, тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағза бөліктерін) және жасушаларды консервациялауға қатысатын медицина қызметкерлері жұмысқа кірер кезде және одан әрі жылына 1 рет;
      7) әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша қызметке тұратын адамдар, әскери оқу орындарының абитуриенттері;
      8) босануды жоспарлап жүрген жүкті әйелдер есепке тұру барысында және 28-30 апта мерзімінде АИТВ инфекциясының бар болуына медициналық зерттеліп-қараудан өтеді. Перзентханада кейіннен қатты фазалы ИФТ-да зерттеп-қарау арқылы шұғыл-тесттер көмегімен мына жүкті әйелдер АИТВ инфекциясының бар болуына медициналық зерттеліп-қараудан өтуі тиіс:
      жүктілік кезінде тексерілмегендер;
      үшінші триместрде зерттеп-қараудан өтпегендер;
      үшінші триместрде зерттеп-қараудан өткен, бірақ халықтың әлсіз топтарына жататындар: инъекциялық есірткі тұтынушылар (бұдан әрі – ИЕТ), жезөкшелікпен айналысатын адамдар, ИЕТ жыныстық серіктестері және АИТВ инфекциясы бар адаммен бірге тұратындар.

3. Қорытынды ережелер

      10. АИТВ инфекциясын жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын аналардан туылған балалардың биоматериалын (жаңа алынған қан, қан плазмасы, қан сарысуы) полимеразды тізбекті реакция әдісімен провирустық дезоксирибонуклеиндік қышқылға (бұдан әрі – ДНҚ), ПТР және иммуноблот әдісімен сандық және сапалық рибонуклеинді қышқылға зерттеп-қарау ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың зертханасында жүргізіледі.
      11. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясының болу фактісін анықтаған ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық орталықтар тексерілушіні алынған нәтиже туралы және өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттілігі жөнінде жазбаша хабарлайды, сондай-ақ емделуден бас тартқаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.
      12. АИТВ инфекциясының бар болуына зерттеп-қарау нәтижелері психологиялық-әлеуметтік тесттен кейін консультация беру барысында тексерілушінің өзіне жеке хабарланады. Кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз адамдардың АИТВ инфекциясның бар болуына зерттеп-қарау нәтижелері олардың заңды өкілдеріне беріледі. Оң нәтижелерді ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігері хабарлайды.
      13. Азаматтарға АИТВ инфекциясының антиденесіне зерттеп-қараудың теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификаттар беруге, егер осындайды шет елге жол жүру кезінде қабылдайтын тарап талап еткен жағдайда рұқсат етіледі. Тексерілетін адам зерттеп-қарауға келген кезде жеке басын куәландыратын құжат көрсеткен жағдайда ғана анықтама-сертификат беріледі. Анықтама-сертификаттар беруді ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық орталықтары осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес тексерушінің биоматериалы зертханаға түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүргізеді. Анықтама-сертификат 3 айға дейін жарамды.
      14. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты АИТВ инфекциясының бар болуына медициналық зерттеп-қарау өткізу және нәтижелері туралы белгілі болған медицина қызметкерлері мен басқа да тұлғалар заңмен қорғалған бұл мәліметтерді жасырын сақтайды.

АИТВ инфекциясының бар болуын   
медициналық зерттеп-қарау ережесіне
1-қосымша            

Ересектерде АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі 

1 Кезең. ЖҚТБ ОҚО АИТВ-ға жиынтық антиденелерді анықтауға ИФТ-да скринингтік зерттеу

1.1 ИФТ алғашқы зерттеу

теріс нәтиже

оң нәтиже

нәтижелерді беру

1.2 ЖҚТБ ОҚО қосымша екі рет ИФТ-да зерттеу (скринингтік тест - басқа өндірістік серия немесе басқа өндірушінің сериясы немесе сараптамалық тест-жүйе

теріс нәтиже

оң немесе белгісіз нәтиже

нәтижелерді беру

II сарысуды коммиссиялық алу және ИФТ-да қайталап зерттеу

II сарысудың теріс нәтижесі

II сарысудың оң нәтижесі

I және II сарысулардың оң және теріс нәтижелерін растау үшін референс-зертханаға беру

2 Кезең. ЖҚТБ РО ИФТ-да растайтын референс-зертхана (сараптамалық тест-жүйелер*)

теріс нәтиже

оң нәтиже

3 Кезең. ЖҚТБ РО. Референс-зертхана
Сараптамалық (иммуноблотты растаушы тест)

теріс

күдікті

оң

серобақылау, зерттеуді 2 аптадан кейін қайталау, қажеттілігіне қарай 1 ай, 3 ай, 6 айдан кейін және т.б.

серобақылау, зерттеуді 2 аптадан кейін қайталау, қажеттілігіне қарай 1 ай, 3 ай, 6 айдан кейін және т.б.

АИТВ-ға антиденелер табылған

АИТВ инфекциясының бар болуын   
медициналық зерттеп-қарау ережесіне
2-қосымша             

АИТВ жұқтырған аналардан туылған және қолдан қоректендірілетін балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі

ПТР әдісімен Биоматериалдарды зерттеу* (ДНК провирустық), ИФТ, иммуноблот 1-2 айлығында

ПТР нәтижесі оң (болжаммен АИТВ инфекциясы бар)

ПТР нәтижесі теріс (болжаммен АИТВ жоқ)

Биоматериалды 2-3 аптадан кейін қайталап алу және оны ПТР әдісімен зерттеу (ДНК провирустық)

Биоматериалды 3-4 айдан кейін қайталап алу және оны ПТР әдісімен зерттеу (ДНК провирустық) ИФА ИБ

ПТР нәтижесі оң

ПТР нәтижесі (ДНК провирустық) теріс (болжаммен АИТВ инфекциясы жоқ)

ПТР әдісімен зерттеу (РНК сандық)

12 айында ИФТ зерттеу

ПТР нәтижесі мл-де 5000 көбірек көшірмесі

ИФТ нәтижесі теріс - есептен алу

АИТВ инфекциясы

      * провирустық ДНК анықтау үшін ПТР әдісімен зерттеуге арналған биоматериал жаңа алынған қан; РНК анықтау үшін - қан плазмасы; ИФТ және иммуноблот үшін - қан сарысуы болып табылады.

АИТВ инфекциясының бар болуын   
медициналық зерттеп-қарау ережесіне
3-қосымша           

Нысан

CERTIFICATE Сертификат Of test on antibodies to HIV
Адамның иммун тапшылығы вирусы антиденелеріне зерттеу туралы

I am (Мен) _____________________________________________________
                   (name of doctor) (дәрігердің А.Т.Ә.)

hereby certify that (осымен мынаны растаймын) __________________
________________________________________________________________
      (name of patient) (пациенттің А.Т.Ә. латын әріптерімен)
________________________________________________________________
            пациенттің тегі, аты, әкесінің аты орысша

_________________________ was tested on (тексерілді) ___________
(date of birth of patient)                              (date)
(пациенттің туылған күні)                               (күні)

For the presence in his/her blood of antibodies to the human immunodeficiency virus (HIV) and that the result of the test was NEGATIVE.
Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) теріс нәтижелі антиденелердің бар болуы.

Stamp:
Мөр:

Signature:
Қолы:

Сертификатты толтыру бойынша түсіндіру

      1. Сертификат бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәлік беруге жол берілмейді.
      2. Сертификат латын баспа әріптерімен рәсімделеді, олай болмаған жағдайда ол заңды емес болып саналады.
      3. Зерттеуді жүргізген және туу даталары мынадай реттілікпен толтырылуы тиіс: күні, айы, жылы, бұл ретте айдың атын санмен емес, әріптермен жазу қажет.
      4. Осы сертификат зерттеліп-қаралған күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
      5. Сертификатқа дәрігер қол қояды және ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дөңгелек мөрімен куәландырылады.