"Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2010 жылғы 3 маусымдағы N 262 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6342 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2809 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
      36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-1. Такси сыртқы екі бүйірі бойынша шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан құралған белдеумен мынадай өлшемде ресімделеді:
      биіктігі – 30 сантиметр;
      ұзындығы – 100 сантиметрден кем емес.»
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                          Д. Көтербеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      С.Н. Баймағанбетов _________
      2010 жылғы 21 маусым

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      Ж.А. Досқалиев ____________
      2010 жылғы 4 маусым