Қазақстан Республикасының Террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 158 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6341 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 526 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 5-тармақтағы «және ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 6-тармағына сәйкес апелляциялық және қадағалау» деген сөздер «, ҚІЖК-нің 411-бабының үшінші бөлігіне және 446-8-бабының 6) тармақшасына сәйкес апелляциялық, кассациялық және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9-тармақтың бірінші абзацындағы «Жеке қаулыға» деген сөздердің алдынан «Істің мәні бойынша шығарылған сот актісіне шағымдану (наразылық келтіру) үшін көзделген тәртіпте және мерзімдерде жеке қаулыларға шағымдануға (наразылық келтіруге) болады.» деген сөйлеммен және «396-бабында» деген сөзден кейін «және 403-бабының бесінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-тармақтағы «қадағалау шағымы» деген сөздер «өтініші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 11-тармақтағы «апелляциялық саты» деген сөздер «апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысы» деген сөздермен, «бірінші» деген сөз «төменгі тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын, «404-бабының 2-бөлігінің» деген сөздерден кейін «, 423-бабы үшінші бөлігінің, 446-2-бабының, 458-бабы екінші бөлігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 13-тармақта «жеке қаулы бірінші және апелляциялық саты соттарының басқа қаулылары сияқты,» деген сөздер «бірінші және апелляциялық саты соттарының жеке қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Кассациялық сатыдағы соттың жеке қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев