"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 шілдедегі N 317 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6338 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымда № 84 (1507) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 121-124 болатын жолдармен толықтырылсын:

      "121. ПОРТ МР-55B ФKZ (18.52 нұсқа)

      122. ПОРТ МР-55L ФKZ (18.72 нұсқа)

      123. ПОРТ МР-55L ФKZ (18.73 нұсқа)

      124. "Таулинк" компьютерлік жүйесі (V1 нұсқа)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев