"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында электр жарығымен техникалық ұшуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 155 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6337 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтардың жарық–сигнал беру жабдығы жүйелерін пайдалануын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында электр жарығымен техникалық ұшуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы 832-ю бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2126 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуларды электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету ережесінде:
      112-тармақта:
      екінші абзацтағы «бірақ жылына кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «тоқсанына кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «бірақ жарты жылда кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Ә. Құсайынов

         КЕЛІСІЛДІ                           
      Қазақстан Республикасы     
      Төтенше жағдайлар министрі
      В. К. Божко ______________
      2010 жылғы 3 маусым

          КЕЛІСІЛДІ
      Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық
      шаруашылық істері агенттігінің төрағасы
      С. К. Нокин _____________
      2010 жылғы 23 маусым