Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 301 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6309 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің құрамына мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты қадағалау кеңесінің төрағасы;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевті қадағалау кеңесінің мүшесі;
      3) «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры етіп тағайындай отырып, бұл міндеттерден Вадим Павлович Зверьковты босатып, Сыздық Асылбекұлы Баймұқановты қадағалау кеңесінің мүшесі етіп сайлау ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов