Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулы

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 60 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6286 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 328 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысындағы 2010 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2010 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 50000000 (елу миллион) теңгеден Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов