Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексер

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 5 мамырдағы N 30 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 148 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6273 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 5 мамырдағы N 177 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы N 138 Бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2011.05.05 N 177 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.05.18 N 138 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті (А.Н. Есқараев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және             Әділет министрі
сауда министрі                      ____________Р. Түсіпбеков
_____________Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің   
2010 жылғы 5 мамырдағы № 30   
және Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің        
2010 жылғы 28 сәуірдегі № 148  
бірлескен бұйрығына       
1-қосымша            

Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
 

      1. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын орындау мақсатында нормативтік құқықтық актілерде мәтіндерін кейіннен ресми жариялау құқығын алған субъектілерге жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.
      2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      бақылау субъектісі - нормативтік құқықтық актілерде мәтіндерін кейіннен ресми жариялау құқығын алған жеке және заңды тұлғалар;
      тәуекел-субъектілердің қызметі нәтижесінде зиян келтіру салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, нормативтік құқықтық актілерді ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне корректорлық және редакторлық түзетулер мен қысқартумен олардың нақты сәйкессіздігінен мемлекетке, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығы;
      нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау.
      3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      4. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша өлшемдер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:
      1) бес жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 2 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) үш жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 3 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) бір жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен бастап 10-ға дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады.
      5. Тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемдері болып мыналар табылады:
      нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау кезiнде олардың қолданысқа енгiзiлген күнi көрсетілмеген - 2 балл;
      жарияланатын нормативтiк құқықтық актiлерге баспа басылымдарының түсiнiктемелері болуы - 3 балл;
      нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауда нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне корректорлық және (немесе) редакторлық түзетулермен және (немесе) қысқартулармен сәйкес келмеуі - 5 балл.

Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің   
2010 жылғы 5 мамырдағы № 30   
және Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің        
2010 жылғы 28 сәуірдегі № 148  
бірлескен бұйрығына       
2-қосымша          

Нысан

Тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған әділет органы ___________________________(облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әділет департаменті),________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті _______________________________
                                    (Күні_______, №________)
________________________________________________________________
Жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы _____________                                       (филиалдар немесе өкілдіктер)________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Иә

Жоқ

1

Кейiннен ресми жариялау құқығын алған баспа басылымдары нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң олар эталондық бақылау банкiне нақты сәйкес болғанда корректорлық және редакторлық түзетулерсіз және қысқартусыз жариялайды



2

Нормативтiк құқықтық актiлерді кейiннен ресми жариялау кезiнде жарияланатын нормативтiк құқықтық актiлерге баспа басылымдарының түсiнiктемесi берiледі



3

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау кезiнде олардың қолданысқа енгiзiлген күнi көрсетілген.



Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, қолы қызметтік телефонының №:_______________________________________________________
_______________________________________________________