"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6230 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.02.01 № 25-ө Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген № 4740, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы маусым) мынадай өзгерту енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      13-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Н. Әшімов