Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 04.2-40/80 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6226 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 7 "Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      5) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;

      мына мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "Рейтинговое агентство "KZ-rating" ("Рейтинговое агентство "КЗ-рейтинг") жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4412 тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасында:

      бесінші абзацтағы "төмен болмауға тиіс" деген сөздері алынып тасталсын;

      мына мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Рейтинговое агентство "KZ-rating" ("Рейтинговое агентство "КЗ-рейтинг") жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша "CСС" төмен болмауға тиіс;".

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуы бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Ш.С. Қанапиянов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға

А. Арыстанов