"Амбулаториялық деңгейде тегін Медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6150 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығымен.

      Ескерту. 2012.01.01 бастап күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.11.04 № 786 (6-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді  көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тіркелген, 2009 жылы 16 қазан "Заң газетінде"  № 158 (1581)жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
      «Республикалық бюджет қаражаты есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде (субвенциялар)» деген 2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа жолмен толықтырылсын:

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Созылмалы вирусты В және С гепатиті

Интерферон - альфа 2a или 2b*, 18млн МЕ/3мл, 25млн МЕ/2,5мл, 18млн МЕ/1,2мл, 30млн МЕ/1,2мл, 3млн МЕ/0,5мл, 4,5млн МЕ/0,5мл, иньекциялық ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ/шприц-сықпа/иньекцияға арналған ерітінді; иньекциялық ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ/шприц- сықпа;
Рибавирин, сироп 50мг/5мл, 40 мг/мл

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алған ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Ж. Досқалиев