Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің уәкілетті лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы N 04.2-40/54 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 114 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6120 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 156 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 372 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 222-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «Жаңа университетке арналған резерв 550 158,1 316,3» деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов