Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6114 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 228-IV Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
      6-тармақта «мүшесін зақымдауға» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың 7) тармақшасында:
      «күн сайын қырынуға,» деген сөздер «жинақы қиылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тыйым салынады» деген сөздер алып тасталсын;
      12-тармақтың 18) тармақшасында «дене мүшелеріне зақым» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      12-8-тармақта:
      «тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «елді мекеннің шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және еңбек етуге» деген сөздер алып тасталсын;
      130-тармақта «дене мүшесін зақымдап» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салып» деген сөздермен ауыстырылсын;
      151-тармақта «дене мүшесін зақымдаумен» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің 17-қосымшасында:
      20-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтың 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнамасымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 9-10, 544 бап):
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
      4-тармақтың 15) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіруінің» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      59-тармақтың 6) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіруге» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      107-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      109-тармақтың 1) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      111-тармақта «Ерекше жағдайлар режимі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
      114-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіру» және «өз мүшесіне зақым келтірудің» деген сөздер тиісінше «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу», «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      115-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіруі» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      115-тармақтың 4) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 43-48, 893-бап):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы Нұсқаулықта:
      6-тармақта «Айрықша жағдайлар режимі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                 Р. Түсіпбеков