"Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6087 болып енгізілді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
      «Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер» бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1-коды бойынша:
      1-баған «ЖБ» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-баған «4» деген санмен толықтырылсын;
      3-баған «2» деген санмен толықтырылсын;
      4-баған «471» деген сандармен толықтырылсын;
      5-баған «005» деген сандармен толықтырылсын;
      6-баған «000» деген сандармен толықтырылсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 2-коды бойынша:
      1-баған «ЖБ» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-баған «4» деген санмен толықтырылсын;
      3-баған «2» деген санмен толықтырылсын;
      4-баған «471» деген сандармен толықтырылсын;
      5-баған «004, 005» деген сандармен толықтырылсын;
      6-баған «000» деген сандармен толықтырылсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 3, 4, 5, 8-кодтары бойынша:
      1-баған «ЖБ» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-баған «4» деген санмен толықтырылсын;
      3-баған «2» деген санмен толықтырылсын;
      4-баған «471» деген сандармен толықтырылсын;
      5-баған «004» деген сандармен толықтырылсын;
      6-баған «000» деген сандармен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                     Б. Жәмішев