Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2017 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5735 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамызда "Заң газеті" газетінің № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымдар үшін 2010 жылғы
1 сәуірден бастап 5 000 000 (бес миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде бекітілсін.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2010 жылғы 1 сәуірден бастап уәкілетті ұйымдар облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункттерін ашқан жағдайда 1 000 000 (бір миллион) Қазақстан теңгесіне ұлғайтылуы тиіс.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |