"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тур

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6024 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығы.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.01 N 141 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      барлық мәтін бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауындағы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» деген сөздер «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» деген сөздермен ауыстырылысын;
      барлық мәтін бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауындағы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» деген сөздер «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» деген сөздермен ауыстырылысын;
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
      120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 100 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің аппараты» кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      006 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің аппараты»;
      02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
      2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      005 Жұмылдыру дайындығы мен төтенше жағдайлардың объектілерін дамыту»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «006 Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалардан инженерлік қорғау жөнінде жұмыстар жүргізу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      007 Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен», 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік кіші бағдарламалары бар 004 «Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер» бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      008 Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 011 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «011 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      013 Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      1 «Әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      014 Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      015 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 016 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «016 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 017 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «017 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      018 Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 019, 020 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «019 Коммуналдық шаруашылықты дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттер
      020 Елді мекендерді газдандыру»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «021 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 030, 031 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 023 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «023 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      030 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер
      031 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 024 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «024 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      025 Қалалар мен елді мекендерді абаттандыруды дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттер»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 026 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      026 Мәдениет объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «027 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      2 «Спорт» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      028 Спорт объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 029 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «029 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      3 «Ақпараттық кеңiстiк» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 030 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      030 Мұрағат объектілерін дамыту»;
      09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
      9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 031 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      031 Жылу-энергетикалық жүйені дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «032 Жылу-энергетикалық жүйесін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      255 «Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      021 «Арнаулы қоймаларды (көмінділерді) ұстау және жөндеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      021 «Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау және жөндеу;»;
      024 «Арнаулы қоймалар (көмінділер) салу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      024 «Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салу және қайта жаңарту»;
      мынадай мазмұндағы 029, 030, 031 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      «029 Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар
      030 Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды  (жеткізуді) ұйымдастыру
      031 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)»;
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      033 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту»;
      мынадай мазмұндағы 008, 009 бюджеттік бағдарламалары бар 364 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «364 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      008 Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
      009 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу»;
      375 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша
      мынадай мазмұндағы 017, 018, 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «017 Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
      018 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
      021 Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар»;
      454 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      003 «Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету», 004 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру», 005 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
      462 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен», 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік кіші бағдарламалары алынып тасталсын;
      003 «Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету», 004 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру», 005 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бюджеттік бағдарламаларымен бірге 473 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «473 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі
      001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      004 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      005 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      006 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру
      007 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру
      008 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу
      009 Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
      010 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау»;
      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 бюджеттік бағдарламалары бар 474 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «474 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      004 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      005 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      006 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру
      007 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру
      008 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу
      009 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «010 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011, 012, 099, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
      012 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
      099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау»;
      мынадай мазмұндағы 005, 006, 007, 008, 009 бюджеттік бағдарламалары бар 475 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «475 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      005 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      006 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру
      007 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру
      008 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу
      009 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «010 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011, 012, 099 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      011 Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу
      012 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
      099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру»;
      2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік бағдарламасы 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      034 Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер»;
      3 «Орман шаруашылығы» функционалдық кіші тобында
      мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламасы 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      035 Орман шаруашылығы объектілерін дамыту»;
      5 «Қоршаған ортаны қорғау» функционалдық кіші тобында       мынадай мазмұндағы 036 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      036 Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында
      мынадай мазмұндағы 016 бюджеттік бағдарламасы бар 364 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «364 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      016 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»;
      мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік бағдарламасы бар 473 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «473 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі
      011 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»;
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы бар 474 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «474 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      013 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»;
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы бар 475 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «475 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      013 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»;
      11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:
      9 «Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында
      мынадай мазмұндағы 037 бюджеттік бағдарламасы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      037 Индустриальды-инновациялық инфрақұрылымды дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
      1 «Автомобиль көлiгi» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 038 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      038 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 039, 040 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «039 Көлік инфрақұрылымын дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері
      040 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      4 «Әуе көлiгi» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 041 бюджеттік бағдарламасы бар 281 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      041 Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тұрақты ішкі әуетасымалдарды субсидиялау»;
      9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік бағдарламасы және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      042 Көлік инфрақұрылымын дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 043 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «043 Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау;
      мынадай мазмұндағы 030, 031 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 044 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «044 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қала және елді-мекендер көшелерін жөндеуге және ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      030 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер
      031 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 030, 031 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 045 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «045 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қалалардың және елді-мекендердің көшелерін өткізуге салу және құруға, қайта берілетін нысаналы даму трансферттер
      030 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер
      031 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 046 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «046 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, қала және елді-мекендер көшелерін жөндеу және ұстау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 047 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «047 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың қала және елді-мекендер көшелерін салу және қайта құру елді-мекендердің көшелері өткізу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      3 «Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау» кіші функционалдық тобында:
      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасы бар 475 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «475 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      014 Кәсіпкерлік қызметті қолдау»;
      9 «Басқалар» кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004 бюджеттік бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      001 Жергілікті деңгейде құрылыс, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      004 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»;
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 100 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 106 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 107 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау»;
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 109 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 113, 114, 115 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау»;
      454 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiн», 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік кіші бағдарламалар алынып тасталсын»;
      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бағдарламалары бар 475 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      «475 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
      001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және ветеринарии саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      004 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау».
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Сұлтанов