"Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 27 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 106 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 ақпанда № 6782 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 15 Қаулысымен және ҚР Қаржы министрінің 22.02. 2013 № 99 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2009 жылғы, № 3 жинағында жарияланған) мынадай толықтыру және өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде «10) тармақшасына» деген сөздерден кейін «және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) АҚШ доллары бойынша валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Алматы уақытымен 11-00 сағаттағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;»;
      2) тармақшада «,сессияда сауда-саттық өткізілмейтін (өткізілмеген)» деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымдары, исламдық арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының Секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта есептеуге жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып не «Reuters» ақпараттық агенттігінің операциялық күнді жабу сәтіндегі бағамы бойынша сауда-саттық өткізілген күннің аяғында жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, басқа ұйымдар қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен сауда-саттық өткізілген есепті кезеңнің соңғы күніне айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын жабу бағамы ретінде пайдалана отырып жүзеге асырсын.»;
      қосымшасы осы бұйрықтың және қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
      1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оларды кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі А.М. Шоқпытовқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық және қаулы олар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                     Б. Жәмішев

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2011 жылғы 19 қаңтардағы  
№ 27 бұйрығына және    
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 106 қаулысына      
қосымша          

«Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2009 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 36 бұйрығына және   
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 4 қаулысына      
қосымша         

      Шетел валюталарының тізбесі

      1. Австралия доллары (AUD)
      2. Беларусь рублі (BYR)
      3. Вона (KRW)
      4. Гривна (UAH)
      5. Дат кронасы (DKK)
      6. Дирхам (AED)
      7. Еуро (EUR)
      8. Злотый (PLN)
      9. Йена (JPY)
      10. Канада доллары (CAD)
      11. Кувейт динары (KWD)
      12. Латвия латы (LVL)
      13. Литва литы (LTL)
      14. Молдова лейі (MDL)
      15. Норвегия кронасы (NOK)
      16. Ресей рублі (RUB)
      17. Сауд риялы (SAR)
      18. SDR (XDR)
      19. Сингапур доллары (SGD)
      20. Сом (KGS)
      21. Сомони (TJS)
      22. Түрік лирасы (TRL)
      23. Өзбек сумы (UZS)
      24. Форинт (HUF)
      25. Фунт стерлингі (GBP)
      26. Чех кронасы (CZK)
      27. Швед кронасы (SEK)
      28. Швейцария франкі (CHF)
      29. Юань, Рэнминби (CNY)
      30. Оңтүстік Африка Рэнді (ZAR)»