Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы № 199 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 169 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 5 қаңтарда № 6724 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аккумулятор батареяларының кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 315-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта:
      1)тармақшада:
      бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «аяқталғанға дейін» деген сөздерден кейін «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитетін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов