Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қарашадағы № 730 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6700 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3337 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесіне» сәйкес, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 1-1-116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген (2010 жылғы 21 қаңтардағы № 2 «Степной Маяк» және 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 3 «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) Көкшетау қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Көкшетау қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Балғожинов