"Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуіріндегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 6689 тіркелді

      1. «Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесінде:
      3-тармақтағы «10» және «20» сандары тиісінше «20» және «30» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әділет министрінің м.а.                        Д. Құсдәулетов