"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 бұйры

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 903 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 13 желтоқсанда № 6679 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 794 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5953 тіркелген, 2010 жылы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесінде:
      6-тармақта «анықтамалықтар» деген сөз сөзін «тізбелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) әлеуметтік-психологиялық консультация».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       С. Қайырбекова