Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына толықтырулар мен

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы N 160 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 3 желтоқсанда N 6661 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 13-қосымшада:
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен ілесіп жүретін адамдарға Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу» деген кестеде:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «233 479» және «222 787» деген сандар тиісінше «234 177» және «223 485» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5-жолдағы «564 868» және «558 718» деген сандар тиісінше «564 170» және «558 020» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов