"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 549 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6616 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің Сыныптамасында:
      1 «Салықтық түсiмдер» санатында:
      06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
      1 «Кеден төлемдерi» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 10, 11 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
      «10 Мұнайға салынатын кедендік әкету бажы»;
      «11 Мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын кедендік әкету бажы»;
      2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
      04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
      1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында;
      05 ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:
      «05 Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      мынадай мазмұндағы 06, 07 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
      06 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
      07 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармалары, олардың аумақтық бөлімшелері салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 38, 39, 40, 41, 47, 49, 50, 51, 52 ерекшеліктерінде «оның аумақтық органдарымен» деген сөздердің алдында «республикалық бюджеттен қаржыландырылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
      36 ерекшелік мынадай редакцияда жазсылсын:
      «36 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аймақаралық инспекциялары салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      бюджет шығыстарының Функционалдық сыныптамасында:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 033, 035 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру, оралмандарды құжаттандыруға берілетін нысаналы даму трансферттері
      035 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 019, 020 бюджеттік бағдарламалармен толықтылырсын:
      «019 Көші-кон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру
      020 Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау»;
      352 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 019, 020 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «019 Көші-кон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру
      020 Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау»;
      2 «Құқықтық қызмет» функционалдық кіші тобында:
      221 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 013, 016 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «013 Соттар актілерінің орындалуымен қамтамасыз ету
      016 Тәркіленген және тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және өткізу»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      03 «Мамандандырылған медициналық көмек» функционалдық кіші тобында:
      253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      009 «Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «009 Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан, соның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолданылуымен байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету»;
      353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      009 «Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «009 Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан, соның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолданылуымен байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету»;
      06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      1 «Әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық кіші тобында:
      261 «Облыстың білім басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      100 бюджеттік кіші бағдарламамен қоса 037 бюджеттік бағдарламамен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:
      «037 Әлеуметтік сауықтандыру
      100 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру»;
      360 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      100 бюджеттік кіші бағдарламамен қоса 037 бюджеттік бағдарламамен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:
      «037 Әлеуметтік сауықтандыру
      100 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру»;
      2 «Әлеуметтiк көмек» функционалдық кіші тобында:
      451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      007 бюджеттік бағдарлама мынадай мазмұндағы 028, 029 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «007 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек
      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      029 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)бюджет қаражаты есебінен»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кiшi тобына:
      455 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «009 Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобына:
      258 «Облыстың Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оған сараптама жүргізу» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу».
      2. Бюджет процесінің әдіснамасы департаменті (А.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев